29 қаз.

Кеңқияқ – Құмкөл МҚ объектісіндегі лаңкестікке қарсы оқу-жаттығулар

Кеңқияқ – Құмкөл МҚ «Арал» БАҚП-та Кеңқияқ-Құмкөл МҚ пайдалану, физикалық және өрттен қорғау қызметтерін іске асыратын персоналдың іс-қимылдарын пысықтау бойынша ТЖ қызметтерімен, полициямен, ҰҚКД-мен бірлескен лаңкестікке қарсы оқу-жаттығулар өтті.


Сценарий бойынша қаскүнемдер Кеңқияқ – Құмкөл МҚ «Арал» БАҚП аумағына қолдан жасалған жарылғыш құрылғыны қолдану мақсатында кіреді.


Оқу-жаттығулар барысында осындай төтенше жағдайлар туындаған кезде өзара әрекеттесу дағдылары қалыптасты.


Оқу-жаттығудың мақсаты – Объектіде қолдан жасалған жарылғыш құрылғыны анықтауға байланысты оқу-жаттығу сабақтарына қатысушылардың бірлескен іс-әрекеттерін теориялық және практикалық жағынан пысықтау, оның ішінде Теракт қаупі кезінде практикалық дағдыларды дамыту және персонал мен лауазымды тұлғалардың теориялық білімдерін бекіту:


1) ҚР мемлекеттік уәкілетті органдарымен өзара іс-қимыл.


2) персоналды өндірістік объектілердің лаңкестікке қарсы қорғалуын қамтамасыз ету саласындағы ҚР заңнамасы мен нормативтік құжаттарының талаптары туралы хабардар ету;


3) МҚ объектілерінің лаңкестікке қарсы қорғалуын  қамтамасыз ету бөлігінде Серіктестік қабылдап жатқан шаралармен персоналды таныстыру.


 Барлық органдардың реттелген іс-қимылдарының арқасында оқу-жаттығулардың мақсаты мен міндеттері толық көлемде сәтті аяқталды.


 


 


 

Жаңалықтарға оралу