20 желт.

ҚҚҚ ЖШС Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күні аталып өтті

Қазақстан Республикасыны тәуелсіздігінің мерейтойы қарсаңында «Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС мемлекеттің басты мейрамының 25 жылдығына орай салтанатты жиын өтті.


Тәуелсіздік мейрамы - мызғымас бірліктің, ұдайы қарыштап даму мен тұрақтылықтың көрініс табатын мерейлі межесі. Тәуелсіздік жылдары барысында мемлекеттің дамуына «Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС қызметкерлері де өз үлесіп қосып келеді. Әрбір сәтті тәмамдалған жобаның ар жағында оған ұйытқы болған қызметкерлердің өлшеусіз ерен еңбегі, бір жұдырыққа жұмыла іс жасауы мен кәсіби біліктілігі бар.


Жиында сөз алған Серіктестіктің бас директоры А.Танатаров тарих тұрғысынан қысқа ғана уақыт ішінде Қазақстанды күллі әлем егемен ел ретінде мойындап, мемлекеттіліктің нығайғанын, экономиканың өрлеп, саяси тұрақтылық мен ұлтаралық келісім орнағанын атап өтті.


Өз кезегінде бас директордың бірінші орынбасары Цянь Ялинь тәуелсіздік жылдары барысында Қазақстанның айтарлықтай дамығанын, ғаламдық аренада өзіне тиесілі мәртебелі тұғырдан көріне білгенін айтты.


Салтанатты жиын Серіктестік қызметкерлерінің күшімен дайындалған концерттік бағдарламаға ұласты. Шара барысында қонақтарға тәуелсіздік тарихынан сыр шертетін видеороликтер көрсетілді. Егемен елдің тарихына қатысты сұрақтарға құралған викторина болса қонақтардың қызығушылығын оятып, бір серпілтіп тастады.

Жаңалықтарға оралу