Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
«Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС қызметінің негізінде оның корпоративтік құндылықтары жатыр. Серіктестік ашық, адал және этикалық іскерлік мінез-құлық қағидаттарын басшылыққа алады және сыбайлас жемқорлықты анықтау және оған қарсы іс-қимыл бойынша тұрақты жұмыс жүргізіп келеді.
Серіктестікте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы мынадай ішкі құжаттар әзірленіп, бекітілген:
1) «Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС-нің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттары.
2) «Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС-нің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясаты.
3) «Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС-нің Іскерлік этика кодексі.