Интеграцияланған менеджмент жүйесі
Менеджменттің халықаралық стандарттарын енгізу
Серіктестікте менеджменттің интеграцияланған жүйесін енгізу стратегиялық шешім болып табылады, ол компания қызметінің көрсеткіштерін жақсартуға ықпал етеді және оны орнықты дамыту жөніндегі бастамалар үшін сенімді негіз жасайды. Орнықты даму экономикалық және әлеуметтік прогрестің және қоршаған ортаны қорғаудың негізгі мақсаттарына қол жеткізуді көздейді.
Халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес Серіктестік 4 менеджмент жүйесі бойынша сертификатталған:
- ISO 9001- сапаны басқару жүйесі;
- ISO 14001- қоршаған ортаны басқару жүйесі;
- ISO 45001- кәсіби қауіпсіздік және еңбекті қорғау менеджмент жүйесі;
- ISO 50001- Энергетикалық менеджмент жүйелері.
Сәйкестік сертификаттары барлық төрт стандарт бойынша 10.03.2023 ж. дейін жарамдылық мерзімімен халықаралық сертификаттау органымен берілді.
«Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» № 541-IV Заңның талаптарын сақтау мақсатында Серіктестікте 2019 жылы энергоаудит өткізілді. Келесі энергоаудит 2023 жылға жоспарланған.
Серіктестік 2016 жылдан бастап Мемлекеттік энергетикалық тізілім (МЭТ) субъектісі болып табылады.
Серіктестік үшін ИМЖ енгізудің әлеуетті пайдасы мыналар болып табылады:
- тұтынушылардың талаптарына, сондай-ақ қолданыстағы заңнамаға сәйкес келетін қызметтерді үнемі ұсыну мүмкіндігі;
- PDCA «Жоспарла - Жаса - Тексер - Әрекет ет» циклын және сапа менеджменті жүйесінің нәтижелілігін арттыру, жоғары нәтижелерге қол жеткізу және жағымсыз салдардың алдын алу үшін негіз болатын тәуекелге бағдарланған ойлауды қамтитын процестік тәсіл негізінде интеграцияланған менеджмент жүйесінің нақты талаптарына сәйкестікті көрсету қабілеті.
Тәуекелдерді басқару жүйесі
Серіктестіктің Тәуекелдерін басқару процесі пайда алу және шығындарды болдырмау үшін мүмкіндіктерді барынша пайдалану арасындағы теңгерімге қол жеткізуді білдіреді. Бұл процесс басқару процесінің маңызды құрамдас бөлігі және корпоративтік басқарудың дамыған жүйесінің ажырамас бөлігі болып табылады.
Тәуекелдерді басқару жүйесінің (ТБЖ) мақсаттары Серіктестіктің стратегиялық және операциялық мақсаттарына қол жеткізуге теріс әсер етуі мүмкін ықтимал тәуекел оқиғаларының іске асырылу ықтималдығы мен салдарын уақтылы сәйкестендіру, бағалау, мониторингілеу, төмендету болып табылады.
ТБЖ міндеттері:
- Тәуекелдерге ден қою бойынша шешімдер қабылдау процесін жетілдіру;
- Серіктестік капиталын тиімді пайдалану;
- Серіктестіктің стратегиялық және операциялық мақсаттарына қол жеткізуге қауіп төндіретін тәуекелді оқиғалардың алдын алу;
- Тәуекелдерді басқару процесін Серіктестіктің негізгі бизнес-процестерімен біріктіру.
Серіктестікте өндірістік және өндірістік емес тәуекелдерді басқарудың сатылас процесі енгізілді. Осыған байланысты мыналар бекітілген:
- Тәуекелдерді басқарудың корпоративтік жүйесі бойынша саясат;
- Өндірістік және өндірістік емес тәуекелдерді басқару процесін ұйымдастыру ережелері;
- Тәуекелдерді сәйкестендіру және бағалау, тәуекелдерді басқару әдістерін таңдау әдістемесі.
Ішкі бақылау жүйесі (ІБЖ) Серіктестіктің қызметіне тән процестік деңгейдегі тәуекелдерді уақтылы анықтауға және талдауға, сондай-ақ ІБЖ-ның үш негізгі саласында: операциялық қызмет, қаржылық есептілікті дайындау және заңнамалық және нормативтік талаптарды сақтау бойынша осы тәуекелдерді басқару бойынша бақылау рәсімдерін анықтауға және талдауға бағытталған.
ІБЖ одан әрі енгізу және жетілдіру мақсатында Серіктестік ІБЖ реттейтін мынадай ішкі құжаттарды әзірлеп, бекітті:
- Ішкі бақылау саласындағы даму бағыттары мен ниеттері, қағидаттары туралы мәлімдемені қамтитын және ІБЖ жетілдіру мен дамыту жөніндегі басшылықтың жалпы пайымын білдіретін ІБЖ саясаты;
- ІБЖ субъектілерінің өзара іс-қимылын және ІБЖ ұйымдастыру, жұмыс істеуі және тиімділігі үшін жауапкершілікті бөлуді айқындайтын ІБЖ жұмыстарын жүзеге асыру тәртібі.