Сыртқы аудитор
ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІК АУДИТІ БОЙЫНША ҚЫЗМЕТТЕР
Қаржылық есептіліктің дұрыстығын растау үшін «Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС тәуелсіз аудиторлық ұйымды тартады.
Қазіргі аудитор:
«КПМГ Аудит» ЖШС, 050000, Алматы қ., Медеу ауданы, Достық даңғылы, 180-үй, тел: 8 (7272) 298 0898
Лицензия нөмірі: Қазақстан Республикасының аумағында аудиторлық қызметпен айналысуға мемлекеттік лицензия: 2006 жылғы 6 желтоқсандағы № 0000021, сериясы МФЮ–2, ҚР Қаржы министрлігімен берілген.
«Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесінің (2022 жылғы 3 наурыздағы № 193) шешімімен бекітілген «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының және дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы меншік немесе сенімгерлік басқару құқығымен «Самұрық-Қазына» АҚ-ға тікелей немесе жанама түрде тиесілі заңды тұлғалардың сатып алуды жүзеге асыру тәртібіне (бұдан әрі – Тәртіп) және № 789257 қорытындылар хаттамасы негізінде «КПМГ Аудит» ЖШС-мен 2023 жылға арналған қаржылық есептілік аудиті бойынша қызметтер көрсетуге шарт жасалды.
2004 жылдан 2023 жылға дейінгі аралықта «Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС қаржылық есептіліктің сыртқы аудиті бойынша қызметтерді келесі аудиторлық ұйымдар көрсетті:
2004-2012 жылдары – «ПрайсуотерхаусКуперс» ЖШС;
2013-2014 жылдары – «Делойт» ЖШС;
2015-2016 жылдары – «ПрайсуотерхаусКуперс» ЖШС;
2017-2018 жылдары – «Эрнст энд Янг» ЖШС;
2019-2022 жылдары – «ПрайсуотерхаусКуперс» ЖШС;
2023 жыл – «КПМГ Аудит» ЖШС.
«ПрайсуотерхаусКуперс» ЖШС аудиторлық ұйымының 2022 жылы көрсеткен аудиторлық қызметтерінің көлемі 57 546 720 теңге (ҚҚС есебімен) мөлшеріндегі соманы құрады.